Биыл елімізде 52 мектеп жаңадан қолданысқа берілді

Биыл елімізде 52 мектеп жаңадан қолданысқа берілді
Сурет: Inform.kz

Жаңа оқу жылы басталар тұста 12 апаттық мектептің, 29 үш ауысыммен оқитын білім ошағының мәселесі біржола шешімін тапты.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегі бойынша, биыл 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның 194-і оқу жылын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ 65,6 мың орынға арналған 52 мектеп іске қосылады деп жоспарланған. Ал жыл соңына дейін 66,4 мың орынға арналған 102 мектеп пайдалануға берілмек. Осылайша 12 апаттық және үш ауысыммен білім беретін 29 мектептің мәселесі шешіледі.