Биыл елдегі 49 жылу қазандығы жөндеуден өтеді

Биыл елдегі 49 жылу қазандығы жөндеуден өтеді
Сурет: Gov.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында осындай жоспары бар екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Биыл жүйелік оператор бекіткен кесте бойынша электр станцияларындағы 10 энергетикалық блокты, 49 қазандық пен 54 турбинаны жөндеу жоспарланған.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 1 энергетикалық блокта, 2 қазандық пен 3 турбинада басталып кетті. Қарағанды, Маңғыстау облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстары мерзімінен кешіккенін айту керек.

Электр желілеріне келсек, жалпы ұзындығы 25 мың шақырым электр желісін, 564 жоғары кернеулі қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған. Электр желілерін жөндеу мамыр айында бекітілген кестеге сәйкес басталады», - деді ол.