Биыл Әуезов ауданында 600 орындық мектеп құрылысы басталады

Биыл Әуезов ауданында 600 орындық мектеп құрылысы басталады
Сурет: Bilimalmaty.kz

Аудан мектептеріндегі орын тапшылығы өзекті мәселенің бірі.

Өткен жылы 1 725 орындық №117 және 132 мектептерге екі қосымша құрылыс пайдалануға берілді және 4-ші шағынауданда бір «Достық» жеке меншік мектебі (400 орын) ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аудан мектептерінде 5 мыңнан астам (5 024) оқушы орны тапшы (бұл қала бойынша жетіспеушіліктің 17,8%-на тең).

«Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында №97 мектеп ғимаратын бұзып, орнына 600 орындық мектеп құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, жылдың соңына дейін 3,5 мыңнан астам оқушы оқитын 4 мектепті сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады: №122 мектеп – 2023 жылғы ақпанда, № 127 мектеп – 2023 жылғы қарашада, № 141 мектеп – 2023 жылғы шілдеде және «Білім инновация лицейі» – 2023 жылғы наурыз айында жөнделіп бітеді», - деді қала әкімі бүгінгі кездесуде.