Әуезов ауданында жаяу жүргінші өткелдері күрделі жөндеуден өтеді

Әуезов ауданында жаяу жүргінші өткелдері күрделі жөндеуден өтеді mail.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қоғамдық кеңістіктерді одан әрі дамыту мақсатында 11 бос учаскені абаттандыру жоспарланған. Оның ішінде үш учаске (Науаи – Жандосов, Өтеген батыр – Отар, Сәтбаев -Щепетков) осы жылдың қазан айының соңына дейін абаттандырылады.



Қалған сегіз орын бойынша осы жылдың тамыз айына дейін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы жүргізуді жоспарлап отырмыз (Райымбек даңғылы бойынша - 3 учаске, 7-ші шағынауданда – 1 учаске, 12-ші шағынауданда – 1 учаске, "Жетісу-3" шағынауданында – 1 учаске, Саин-Жұбанов көшесінің қиылысында – 1 учаске, Марғұлан-Сәдуақасов көшесінің қиылысында - 1 учаске).



Осы жылдың қазан айына дейін Саин көшесіндегі 4 жерасты өткелі жөнделеді.



Ауданның бес жерүсті өткелін күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба бойынша бейнемониторинг жүйелерінің (БМЖ) камераларын орнату, қақпақтарды ауыстыру және лифтілер мен пандустарды жөндеу жұмыстары қарастырылған. Мемлекеттік сараптамадан өтіп, әзірлеуді аяқтау мерзімі – 2023 жылдың тамызы.  Бұл жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күрделі жөндеуді 2024 жылдың наурыз айында бастаймыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03