Бейжің-2022: Слаломда да сәтсіздікке ұшырадық

Бейжің-2022: Слаломда да сәтсіздікке ұшырадық
Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық шаңғышы Александра Троицкая мәреге жете алмады

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан әйелдер арасындағы бәсеке басталды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Аталған сында Қазақстан намысын әйелдер арасында Александра Троицкая қорғады. Өкінішке қарай, жерлесіміз слаломда мәреге жетпей, жарысты аяқтады.

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада қазақстандық атлеттер спорттың 3 түрінен сынға түседі. Атап айтсақ, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және шорт-тректен спортшыларымызға жанкүйер боламыз.