Бейсембаев бақылауға алуды тапсырды

Бейсембаев бақылауға алуды тапсырды
Сурет: primeminister.kz

Ғани Бейсембаев мұндай әрекеттердің заңсыз екенін еске салып, бұл мәселені қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Аппарат кеңесі барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "мектеп рейтингі" туралы айтты. Оның айтуынша, рейтинг деген мәселе жоқ. Мектеп оқушыларын тоғызыншы сыныптан кейін кетуге мәжбүрлеу – заңсыз.

"Оқу-ағарту министрлігі тарапынан мектептер мен мұғалімдердің рейтингісі туралы талаптар жоқ секенін еске салып өткім келеді. Кейбір жекелеген мектепде рейтингтер туралы сөз болып жатады. Осыған байланысты кейбір мектепте оқушыларды өз қалауынсыз колледждерге ауыстыруға мәжбүрлеу фактілері бар", – деді Ғани Бейсембаев.

Бейсембаев барлық білім басқармалары мен бөлімдерге, мектеп әкімшілігіне бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.