«Бесқонақ» келді...

«Бесқонақ» келді...
Almaty-akshamy.kz

Жауын-шашыны, желі мен селі қатар көрініс беретін «Аласапыран» амалы жүріп жатыр. Қазекең бұл амалды аса қауіпті санап, сақтанып отырған...

Сәуірде түрлі амал бар. Мысалы, «Бесқонақ» амалы оң­түстікте наурыздың соңына қарай өтсе, батыста сәуірдің ал­ғашқы аптасында көрініс береді. «Отамалы» амалы, оны қа­зекең «ойылған қыс» деп атаған. Мұнан кейін «Сәуір» амалы келеді.

Ал Арқада осы мезгілде орын алатын «Алтын күрек» де­ген амал (өкпек жел, салқын самал) бар. Сәуірдің соңы мен мамырдың басында алапат нөсер болады. Бөкендер мен киік­тер төлдейді...

Аспан денелерінің қозғалысы «Аласапыран» амалының жауын-шашынды, лайсаң болатынын аңғартқандай. Алдағы аптада ашық, жылы күндер де болатынын жоққа шығармаған абзал. Сонымен, Қоян жылы кетті. Елімізге ғана емес, әлемге келген қаншама апат, зілзала, қауіп-қатердің себепкері болды. Ұлу жылы (әлде Ұлыма ма) келіп жетті. Жылдың басы жауын-шашынды, ылғалды болып басталды. Бұл молшылық­тың нышаны.

Қалай десек те, көктем шықты. Аз күнде өрік гүлдесе, артынша шие, сосын алма гүлдейді. Табиғат-Ана мейірімін шашып, сол жемістерді ел-жұртқа бұйыртсын.

Жырлайды дала қар әнін,

Шулайды сулар «көктем» деп.

Ұйқысын бұзып жағаның

Соғады қырдан өктем леп.

Жамырай шулап жас төлдей,

«Келді деп көктем!» жар салып,

Тасқынға толып төскей-бел,

Көктемді жатыр қарсы алып.

Көктем-қыз әне, келеді,

Жаңартып ескі, көнені.

Жер-көкті шуға бөледі,

Көкте күн нұрын төгеді.

Бусанып, босап жер төсі,

Көктейді енді жон-жонас.

Көктем-қыз жердің еркесі,

Басталды тірлік қарбалас...

Өңірімізден шаттық, өңімізден күлкі кетпесін. Табиғат тосын мінез танытпасын.

Жаңа жылымыз құтты-ырысты болсын, ел жұмысты бол­сын!