Бес мыңнан астам қазақстандық өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған

Бес мыңнан астам қазақстандық өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған
Сурет: Gtrk-vyatka.ru

Жалпы Қазақстанда  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 748 851 жетті.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 631 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 422,

Алматы қаласында - 1505,

Шымкент қаласында – 147,

 Ақмола облысында – 274,

Ақтөбе облысында - 166,

Алматы облысында - 394,

Атырау облысында - 302,

Шығыс Қазақстан облысында - 173,

Жамбыл облысында - 225,

Батыс Қазақстан облысында - 58,

Қарағанды облысында - 860,

Қостанай облысында - 272,

Қызылорда облысында - 97,

Маңғыстау облысында - 242,

Павлодар облысында - 312,

Солтүстік Қазақстан облысында - 131,

Түркістан облысында - 51.