Алматыда биыл 300 мың оқушы дәстүрлі форматта білім алады

Алматыда биыл 300 мың оқушы дәстүрлі форматта білім алады
Сурет: Ult.kz

Қаладағы білім беру ұйымдары Ashyq жобасына қатысып келеді. 

Жаңа оқу жылында 287 білім беру ұйымы жұмысын бастайды. Ал, бірінші сыныпқа 30 мыңға жуық бала қабылданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv cайтына сілтеме жасап.

«Ұстаз алдында шәкірт отырса, ол да өз алдына қуаныш екен. Нағыз ұстаз бақыты шәкіртімен бірге екен. Сондықтан шәкірттерімізді асыға күтудеміз. Сағындық. Жаңа оқу жылына дайынбыз. Барлық оқу кабинеттері заманауи жаңа технологиялармен жабдықталып, оқушыларымызды сағына күтуде», – деді М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның директоры Сәния Тілеубай.

Қалада қазір 12 мың 600 орындық 8 мектептің және 8 мың 263 орындық қосымша ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде 9 қосымша нысанның құрылысы 1 қыркүйекте аяқталып, 4 мың оқушы орынмен қамтамасыз етіледі.