Белгілі қазақстандық акушер-гинеколог жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды

Белгілі қазақстандық акушер-гинеколог жүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды
сурет: Persona-clinic.kz

Тек өткен жылдың өзінде жүкті әйелдер арасында коронавирус өлімі үш есе өскен.

Қазақстандық акушер-гинеколог, репродуктолог, ғалым, оқытушы, қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, РМАТ академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Нотанович Локшин жүкті әйелдерде коронавирус қалай жүретіні және, егер әйел жүктілікке дейін егілмесе, не істеу керектігі туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Репродуктологтың айтуынша, өткен жылы жүкті әйелдердің көпшілігі ковидтің симптомсыз түрімен ауырған, бірақ біздің елге «дельта» штамының келуімен жағдай өзгерді: ауру қазір симптомсыз түрде тез жүреді. Жетілмей қалған жүктілік, мерзімінен бұрын босану, жасанды түсік түрінде асқынулар бар. Кейде ауру әйелдің өлімімен аяқталады.

«Біз әйелдерден айырылып жатырмыз», - деп ашына айтты Вячеслав Локшин.

Ол жүкті әйелдерде коронавирусты емдеудің қиындықтарын атап өтті, себебі оларға емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмектерді беру әрдайым мүмкін емес. Сондықтан барлық елдердің дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцина алғанғаннан кейін ғана жүктілікті жоспарлау керек деп санайды.
Егер де жүктілікке дейін вакцина алып үлгермеген болса, онда оны жүктілік кезінде жасай алады, өйткені барлық вакциналарды, соның ішінде «Спутник V» препараттарын өндірушілер қарсы көрсетілім қатарынан жүктілік кезеңін алып тастады.

«АҚШ, Канада және Израиль сияқты дамыған елдер бірнеше айдан бері жүкті пациенттерді ковидке қарсы вакцинациялауда. Біздің елге Pfizer вакцинасының жетуін күтіп отырмыз, онымен жүкті әйелдерді және тіпті балаларды егуді бастаймыз», – дейді маман.

Өткен жылдың жазында ковидтің өршуі біздің денсаулық сақтау жүйемізді есеңгіретті, сондықтан көптеген әйел ауруханаға жатқызуда кедергілерге ұшырады, емделуге кешігіп келді, коронавирус жұқтырудан қорқып, консультацияларға бармады. Осыдан кейін жүкті әйелдер арасындағы өлім-жітім және жүктіліктің әртүрлі асқынулары артты. Сұхбат барысында дәрігер вакцинаны қолдағаны үшін оған әлеуметтік желілерде ашулы пікірлер жиі жазылатынын айтты. 

«Егер бұл адамдар «қызыл» аймаққа барса, олар: осы қорқынышты инфекциядан өзіңізді қорғауға немесе кем дегенде ауруды жеңіл түрде өткізуге мүмкіндік болса, оны міндетті түрде қолдануыңыз керек деген бір қарапайым нәрсені түсінетін еді», - дейді акушер-гинеколог.

Әрине, жүкті әйел тоғыз ай бойы ешкіммен сөйлеспеуі мүмкін, үйден ешқайда шықпауы мүмкін, тек мұндай жағдайда оның үйіндегі барлық адамдар вакциналануы керек. Бірақ, Локшиннің пікірінше, бұл екіталай.

«Қазіргі әйелдер әлеуметтік белсенді, көптеген адаммен араласуға дағдыланған. Сондықтан өз қауіпсіздігі үшін оларға вакцина алу қажет», – деп қорытындылады сарапшы.