Белгілі журналист Данабек Бименов өмірден өтті

Белгілі  журналист Данабек Бименов өмірден өтті
Сурет: Kaztag.kz

Соңғы уақытта Аlmaty-akshamy.kz сайтында жұмыс істеген.

Танымал журналист Данабек Бименов 17 шілде күні, 67 жасқа қараған шағында  өмірден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Данабек Бименовтің негізгі мамандығы — физик. Қазақ мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін ғылыми еңбекпен айналысқан, екі рет зерттеушілік экспедицияның құрамында  Антарктидадағы Мирный станциясында болып қайтқан.⠀

Бос уақытында шығармашылықпен айналысып, журналистикаға бет бұрған. Ол —климатты сақтау проблемалары және экологиялық қауіпсіздік мәселесі бойынша көптеген ғылыми мақалалардың авторы.⠀

10 жылдан астам уақыт Би-Би-Си телерадиохабар тарату корпорациясының қазақ редакциясының репортері болған, кейінірек еңбек жолын «Азаттық/Азат Еуропа» радиосының журналисі болып жалғастырған. ҚазТАГ ХАА қазақ редакциясын басқарған. Өмірінің соңында Almaty-akshamy.kz сайтында жұмыс істеді.⠀

Данабек Бименов – халықаралық және республикалық шығармашылық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы, Қазақстан Журналистер одағының «Үздік репортерлік жұмыс» аталымындағы сыйлықтың лауреаты.⠀

«Aлатау ақпарат»  ЖШС ұжымы  Данабек Бименовтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.