Бельгиялық фермерлер Қазақстанға тәжірибе алмасуға келеді

Бельгиялық фермерлер Қазақстанға тәжірибе алмасуға келеді
Cурет: Eldala.kz

Қазақстанда бельгиялық фермерлер әлемге танымал көк сиырдың тұқымын өсіруге қызығушылық танытып отыр.

Олар асыл тұқымды сиырдың ұрығын елімізге экспорттап қана қоймай, жергілікті шаруалармен фермаларды басқару мал шаруашылығына жаңа технологияны енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тиісті келісімдерге қазақстандық делегацияның Корольдікке жасаған сапары барысында қол жеткізілді.

«Біздің фермерлер ірі қара мал өсіру мен ет және сүт бағытындағы өндіріс секторында белгілі бір технологияларға мұқтаж. Менің ойымша, мұндай сапарлар өте қажет. Сондықтан қазақстандық шаруалардың Бельгия провинцияларына келуі үшін қажетті жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермекпіз. Тағы бір айта кетерлік жайт, жуырда бельгиялық серіктестеріміз қазан айында Астанада өтетін «ҚазАгро» агроөнеркәсіптік көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр», - дейді Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі елшісі Марғұлан Баймұхан.