Ертең Алматы облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды

Ертең Алматы облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды
Сурет: Еgemen.kz

Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

«Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 26 қыркүйектегі дауылды ескертуінің негізінде 27 қыркүйек күні Алматы облысының Іле Алатауы тауларында күн күркіреуі және найзағай түсуі күтіледі, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.