Қазақстанда 31 мыңнан астам ресейлік жұмыс істейді

Қазақстанда 31 мыңнан астам ресейлік жұмыс істейді
Сурет: Тengrinews.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елімізге келіп жатқан Ресей азаматтары елдің еңбек нарығына қатты әсер етіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еңбек министрлігі елге жұмыс іздеп келетін шетелдіктер санына күн сайын мониторинг жүргізілетінін атап өтті.

«Жыл басынан бері Қазақстанға Ресейден 262 мың адам келген. Оның ішінде 6518-і елге кірудегі мақсаты жұмысқа орналасу екенін көрсетті. Қазақстанда қазір 8,7 млн азамат жұмыс істейді. Биыл шетелдік жұмысшыларды тартуға квота 28 мыңға адамға берілді, оның тек 15 мыңы ғана істеп жүр. Ал ЕАЭО елдерінің азаматтарына квота қажет емес. Олар Қазақстанға емін-еркін келіп-кетіп, еңбек ете алады. Қазір Қазақстанда Ресейдің 25 301 азаматы жұмыс істейді. Жаңадан келгендерді есепке алсақ, қазір республика аумағында жүрген және елге келу мақсаты – жұмысқа орналасу деп көрсеткен шамамен 31 мың адам бар», - деді Дүйсенова.

Министр Қазақстанға кіріп жатқан ресейліктер еңбек нарығына қатты әсер етіп жатпағанын, үкімет, ең алдымен, қазақстандық жастарды жұмысқа орналастыруға басымдық беретінін атап өтті.

«Егер азаматтар тым көп келіп, ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төнсе, біз қосымша шаралар қабылдаймыз», - деп сендірді министр.