Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста қарсыласын нокаутқа түсірді

Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста қарсыласын нокаутқа түсірді
Сурет: 24.kz

Бұл боксшының жетінші мәрте жеңісі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті. АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде ол американдық Хайнелл Уилермен қолғап түйістірді.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Бек қарсыласын нокаутпен сұлатып түсірді. Осылайша Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жетінші рет жеңіске жетті.