Bek Air-ден тұтынушылардың пайдасына 110 млн теңге өндірілді

Bek Air-ден тұтынушылардың пайдасына 110 млн теңге өндірілді
avionslegendaires.net

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Асқар Тынысбеков брифингте айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, комитетке 1800-ге жуық азамат жүгінген. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсанда болған әуе апатынан кейін компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізілген еді. Сол кезде қауіпсіздікке қатысты заңнаманы өрескел бұзушылықтар анықталған. Жолаушылар әуе компаниясына қайғылы оқиғадан кейін тоқтатылған рейстерге билеттерді қайтару бойынша жаппай шағымданды.

– Егер авиакомпаниялар туралы айтатын болсақ, тұтынушыларда туындайтын проблемалар өте көп. Мысалы, өткен жылы тек Бек Эйр бойынша 1797 арыз түсті. Қаралды, құқықтары қорғалды. Сот шешімі бойынша 110 миллион теңге өндірілді, - деді ҚР Cауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков.