Бақытжан Сағынтаев алматылық «Буревестник» волейбол клубын кезекті жеңісімен құттықтады

Бақытжан Сағынтаев алматылық «Буревестник» волейбол клубын кезекті жеңісімен құттықтады
meta-ratings.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің twitter парақшасында алматылық «Буревестник» волейбол клубын кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Буревестник» қола жүлдеге таластағы ойында таиландтық «Нахон Ратчасима» командасымен кездесіп, 3:0 (25:23, 25:17, 25:21) есебімен жеңіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

«Таиландта Азияның клубтық чемпионатында 3-ші орын алған алматылық «Буревестник» волейбол клубының командасы мен жаттықтырушылар штабын құттықтаймын!» - деп жазды шаһар басшысы.