Батыс Қазақстанда бір күнде екі автокөлік өртенді

Батыс Қазақстанда бір күнде екі автокөлік өртенді
Cурет: Inform.kz

Қазіргі кезде екі өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде

Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі автокөлік өртенді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 19 наурыз күні Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болды.
Сағат 12.32-де И.Тайманов көшесі, 18-үй маңында «Ауди-100» автокөлігінің мотор бөлігі жанды.

Өрт сағат 12.38-де оқшауланып, 12.42-де толықтай сөндірілді.

Сондай-ақ сағат 14.02-де Бәйтерек ауданы Асан ауылының шет жағында «Крайслер» минивені отқа оранды.
«Тілсіз жау» 14.48-де оқшауланып, 14.55-тетолықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде екі өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.