Батыс Қазақстан облысында саяжайлардағы 13 044 үйді су басты

Батыс Қазақстан облысында саяжайлардағы 13 044 үйді су басты
Сурет: Gov.kz

Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда.

Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

13 880 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 748 бала. Эвакуациялық пункттерде 2 363 адам орналасқан, оның ішінде, 1009 бала, 11 517 адам туыстарында.

4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Облыс бойынша барлығы 1 229 936 дана қапшық және 22 298 мың тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 10 647 адам, 1 919 бірлік техника, 213 бірлік су сору құралы, 194 дана жүзу құралы және 5 вертолет жұмылдырылған.