Саран қаласында дөңгелек жасайтын зауыт ашылады

Саран қаласында дөңгелек жасайтын зауыт ашылады
Сурет: Kolesatyt.ru

Зауыт мың  адамды жұмыспен қамтиды.

Келесі жылы Қарағанды облысындағы Саран қаласында автомобиль дөңгелегін жасайтын зауыт ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2025 жылға дейін «KamaTyresKZ» деп аталатын кәсіпорын жылына жеңіл көліктерге арналған 3 миллион дана, жүк көліктеріне арналған 500 мың дөңгелек шығармақ.

Мамандардың алдыңғы легі Ресейде «Татнефть» -ке қарасты зауытта тәжірибеден өтіп жатыр. Бірер күн бұрын олар біліктілік емтиханын сәтті өтіп, іске кірісті. Толығырақ алдағы бейнематериалда. Қазақстандықтар жасаған алғашқы өнімге ерекше таңба басылды. Су жаңа КАМА GRANT дөңгелегіне «KamaTyresKZ мамандары жасады» деп жазылған. Енді ол компанияның музейінде сақталмақ.