«Барселона» өз алаңында «Антверпенді» ірі есеппен жеңді

«Барселона» өз алаңында «Антверпенді» ірі есеппен жеңді
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы туры өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл күні E, F, G, H топтарында командалар өзара кездесті.

H тобында сынға түсетін Испанияның «Барселона» командасы өз алаңында Бельгияның «Антверпенін» тас-талқан етіп жеңді. Небәрі 22-минуттың ішінде испаниялық клуб қарсылас қақпасына үш гол соғып үлгерді. Алдымен Жоау Феликс 11-минутта есеп ашса, одан кейін Роберт Левандовский 19-минутта басымдықты арттырды. Ал 22-минутта бельгиялық клубтан Йелле Батай өз қақпасына гол соғып алды.

Екінші кезеңде «Барселона» қатарынан Гави 54-минутта гол соқса, Жоау Феликс 66-минутта дубльдің авторы атанды.

Алғашқы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Селтик» (Шотландия) 2:0, «Лацио» (Италия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) 01.

F тобы: «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Боруссия Дортмунд» (Германия) 2:0, «Милан» (Италия) - «Ньюкасл» (Англия) 0:0

G тобы: «Манчестер Сити» (Англия) - «Црвена Звезда» (Сербия) 3:1, «Янг Бойз» (Швейцария) - «РБ Лейпциг» (Германия) 1:3

H тобы: «Барселона» (Испания) - «Антверпен» (Бельгия) 5:0, «Шахтер Донецк» (Украина) - «Порту» (Португалия) 1:3.

Енді 20 қыркүйекте A, B, C, D топтарында алғашқы тур ойындары өткізіледі.