Балтық жағалауы елдері Ресей газынан бас тартты

Балтық жағалауы елдері Ресей газынан бас тартты
Cурет: Reuters

Оның ішінде Латвия, Литва мен Эстония бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Алғашқылардың бірі болған Литва мемлекеті. Энергетикалық министрінің хабарлауынша, сәуірден бастап елдің газ-транспорттық жүйесінен Ресей газы импортталмайды. 

Ал Латвияға қазір сұйытылған газ Клайпеда терминалы арқылы және И́нчукалнс жер асты қоймалары арқылы келеді. Мамандардың айтуынша, ондағы қор жеткілікті деңгейде. 

Айта кетейік, Балтық жағалауы елдері Мәскеудің рубльмен сауда жасау туралы талабынан кейін осындай шешім қабылдап отыр.