Балаларымыздың болашағы біздің таңдауымызға байланысты

Балаларымыздың болашағы біздің таңдауымызға байланысты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сайлау учаскесіне келу - біздің азаматтық борышымыз.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездескен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев сөз соңында халықты референдумға баруға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Құрметті алматылықтар!

5 маусымда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтетінін еске салғым келеді. Бұл қазіргі Ата заңымызды бекіткен 1995 жылдан бергі алғашқы референдум. Алдағы дауыс беру – бұл тарихи оқиға. Сайлау учаскесіне келу - біздің азаматтық борышымыз.

Бұл неліктен маңызды?

Ұлт, мемлекет ретінде біздің болашағымыз Ата заңға тәуелді. Елдердің басым көпшілігі Конституциясыз өмір сүрмейді, онсыз мемлекет те, қоғамның негізгі принциптері де болмайды.

5 маусымда біз балаларымыздың болашағы үшін дауыс береміз. Және де оның қандай болатыны біздің таңдауымызға байланысты болмақ!» - деді мегаполис басшысы Ерболат Досаев.