Бала буллингке ұшыраса не істеу керек?

Бала буллингке ұшыраса не істеу керек?
Сурет: Ашық дереккөз

Мұны тек ересектердің көмегімен шешуге болады

Балалар психологы, мектептердегі дағдарыстық жағдайларды шешу жөніндегі маман Анастасия Стеблянко бала мектепте немесе әлеуметтік желіде буллингке ұшыраса не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мектеп баланың өмірінде маңызды рөл атқарады, себебі буллинг жағдайларын мектеп қабырғасынан байқаймыз. Буллинг мәселесін шешуде көптеген мектептер мамандандырылған орталықтардың, ҮЕҰ-ның көмегіне жүгінеді.

«Мен балалар психологымын. Маған ата-аналар, мұғалімдер жиі көмекке жүгінеді. Мен буллинг пен конфликт мәселелерін толық ажырата білгенде, көптеген мектептер назар аудара бастады. Алдыңғы қатарда жекеменшік мектептер болатын. Алайда, қазір мемлекеттік мектептер де көмек сұрап жүгіне бастады, – деді А.Стеблянко.

Егер мектепте буллинг мәселесі анықталса, ол алдымен сынып жетекшісінің, одан соң мектеп психологы,  ал одан кейін тәрбие жөніндегі директор орынбасарының дәрежесінде шешіледі. Мәселенің шешімі болмаған жағдайда құқық қорғау органдары іске кіріседі.

Әлеуметтік желілердің дамуымен бірге кибербуллинг мәселесі де пайда болды. Сарапшы бұл мәселенің өзіндік нюанстары барын және оның әдеттегі буллинг ұғымынан басқаша екендігін атап өтті. Әдетте кибербуллингтің алдын алу, жағдайды шешу оңай шаруа емес. Себебі, егер мектепте әкімшілік, ата-аналар немесе жауапкершілікке тартылатын адамдар болса, онда кибербуллинг жағдайында мәселе қиын. Дегенмен мәселенің қашан да шешімі табылады, - дейді сарапшы.

"Егер бала мектепте немесе әлеуметтік желіде буллингке ұшыраса не істеу керек? Мен қарапайым, бірақ нәтижесі бар ережелермен бөліскім келеді. Жалпы, буллинг жағдайын балалар өздігінен шеше алмайды. Мұны тек ересектердің көмегімен шешуге болады. Сондықтан бала буллингке ұшыраған жағдайда өзі сене алатын ересек адамға жағдайды ашып айтып, ол адамнан қолдау табуы өте маңызды", - деп бөлісті ол.

Психолог ата-аналарға балалармен сөйлесуге және оларды тыңдауға күнделікті 15 минут уақыттың жеткілікті екенін айтты. Сарапшының пікірінше, мұндай әңгімелер профилактикалық сипатқа ие және балаға іштей сенімділік пен күш береді.