Бакуде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

Бакуде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Биыл күзде Әзербайжанда қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Өткен жылы алғаш рет қазақ күресінен әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Оған 40-қа жуық елден спортшылар қатысты. Бұл қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу бағытындағы жұмыстардың бірі. Биыл қазақ күресінен Азия чемпионаты Өзбекстанда өтті. Енді Еуропа чемпионаты Әзербайжанда (Бакуде) өтеді деп жоспарланған. Бүгінде ол бойынша біздің қауымдастық тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып жатыр» - деді Ербол Мырзабосынов елордада өткен Qazaq kuresi қауымдастығы жиынынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, Еуропа чемпионатын қыркүйек немесе қазан айында өткізу жоспарланып отыр.