Б. Сағынтаев Құлжа трактіндегі жолайрығы бойынша қозғалыстың жақын арада ашылатынын хабарлады

Б. Сағынтаев Құлжа трактіндегі жолайрығы бойынша қозғалыстың жақын арада ашылатынын хабарлады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Құлжа трактіндегі жолайрығы жақында пайдалануға беріледі

«Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев салынып жатқан жолайрығында қозғалысты іске қосудың мерзімдері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұқтырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиылысында көліктің жолайрығын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі кезде №1 эстакада құрылысы және айналма жолдарды салу жұмыстары орындалды.

Ағымдағы айдың соңына дейін қозғалысты уақытша сызба бойынша ашу жоспарлануда. Эстакада бойымен Құлжа трактісі арқылы екі бағытта көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, шығысқа қарай қозғалыс кезінде Бұқтырма көшесінен Құлжа трактісіне съездер бойынша, сондай-ақ Құлжа трактісі бойымен қозғалыс кезінде айналма алаңынсыз Бұқтырма көшесіне съезд ашу жоспарлануда.

Бұл шаралар жолайрығы құрылысы ауданында көлік қозғалысын ұйымдастыруды едәуір жақсартады және осы учаскедегі көлік жүктемесін азайтады.

Барлық бағыттағы қозғалысты ашу 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарлануда. Төрт және алты жолақты заманауи жолайрығы ШААЖ әуежайға апаратын жолмен байланыстырады және учаске трассасының жүгін жеңілдетеді. Құлжа трактісі бойындағы эстакаданың ұзындығы 784 шақырым, Бұқтырма көшесіндегі туннель 570 шақырымды құрайды. Абаттандыру кезінде жақын аумақтарға 750 ағаш отырғызылатын болады.