Б. Сағынтаев Алматыда АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Б. Сағынтаев Алматыда АҚШ-тың Бас консулымен кездесті
almaty-akshamy.kz

Екіжақты кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Америкалық тараптың бастамасымен өткен кездесуде АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Саваж қаланың инвестициялық тартымды болып қалатынын атап өтті.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде сауда-экономикалық салада екіжақты қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Алматыда 130 бірлескен және 401 американдық кәсіпорын тіркелген. Жалпы, 2021 жылдың 11 айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 25%-ға артты.