Ақтөбе облысында аграрлық білім орталығының менеджері ұсталды

Ақтөбе облысында аграрлық білім орталығының менеджері ұсталды
Cурет: Ашық дереккөз

Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды

Ақтөбе облысы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ менеджері ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтігіне сілтеме жасап.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ менеджері ұйымдастырған ұрлықтың қылмыстық схемасын ашты, ол өзінің үлестес ЖК мен ЖШС арқылы 30 шаруа қожалығына жайылымдарды суландыру жүйесі үшін күн панельдерін анық жоғары бағамен орнатты.

«Жымқыру сомасы шамамен 66 млн теңгені құрайды. Осы жылдың 3 қарашасында соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды»,-делінген хабарламада.

Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.