АҚШ-та екпе алмағандар арасында COVID-19 жұқтырғандар көбейді

АҚШ-та екпе алмағандар арасында COVID-19 жұқтырғандар көбейді
Сурет: Dw.com

Эпидемия «вакциналанбаған адамдар арасындағы пандемияға» айналды.

АҚШ-та COVID-19 жұқтыру көрсеткіші мен адам өлімі артып келеді. Жылдам тарайтын «дельта» штамы жұқтырушылар санын көбейтіп, пандемияның жаңа толқынын туғызды, бұл вакциналанбаған адамдар арасында жиі кездесуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Вакцинация деңгейі ең төмен төрт штатта өткен аптада 40% инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген. Алайда ауруға шалдығушылар санының артуы барлық 50 штатта байқалады, деп хабарлайды Golosameriki.com.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры, доктор Рошель Валенски жұма күні өткен аптада АҚШ-та күн сайын орта есеппен 26 000 жаңа коронавирус жағдайы тіркелгенін айтты.

Оның айтуынша, эпидемия «вакциналанбаған адамдар арасындағы пандемияға» айналды.

Кейін жұмада президент Джо Байден «біздегі пандемия - вакциналанбаған адамдар арасындағы пандемия» екенін растады.

Джонс Хопкинс университетінің коронавирус бойынша орталығының сенбі күнгі мәліметіне сенсек, әлемде COVID-19-дан 4 миллионнан астам өлім жағдайы тіркелген.

Зерттеушілердің деректеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап әлем бойынша жаңа коронавирусқа шалдығудың 189 миллионнан астам жағдайы тіркелген.