Азия чемпионатында екі балуанымыз финалға шықты

Азия чемпионатында екі балуанымыз финалға шықты
Сурет:Olympic.kz

 Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасынан екі балуан финалға шықты.

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жарыстың үшінші күнінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер сынға түсті. Олардың арасынан еқазақстандық екі балуан финалға жолдама алды.

Ел құрамасынан Саят Әбдуали (44 келі) мен Бекасыл Асамбек (52 келі) қарсылас шақ келтірген жоқ.

​«Енді олар елорда уақытымен 21:00-де басталатын финалдық белдесуде бас жүлдені сарапқа салады. Саят Әбдуали ирандық Кейван Аршадгасабсараймен кездессе, Бекасыл Асамбек жапон Тайга Хибариномен күш сынасады», - деді Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.