Қазақстанның бірқатар аймағына ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар аймағына ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Inbusiness.kz

Нақтырақ айтқанда, ескерту 7 облысқа берілді.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты 7 облыс аумағында ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

14 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Қызылорда қаласында ертең күндіз көктайғақ болады.

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 15 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын соғады.

Петропавлда ертең күндіз бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

14 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде облыстың батысында тұман түсуі мүмкін. Ертең Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Оралда ертең жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Түнде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте ертең түнде тұман түсуі мүмкін. Түркістан қаласында ертең түнде тұман түседі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.