Қазақстандық акробат әлем кубогінен үздік ондыққа жетті

Қазақстандық акробат әлем кубогінен үздік ондыққа жетті
Cурет: Olympic.kz

Дир-Вэллиде (АҚШ) фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында финалда Қазақстан сапынан Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынады. Ол финалда 75,68 ұпай жинап, тоғызыншы орынға табан тіреп, үздік ондыққа енді. 

Айта кетерлігі, жарыс қорытындысы бойынша Аяна Жолдас 21-ші, ал Жанбота Алдабергенова 27-ші орындардан көрінді.