Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогінде жеңіске жетті

Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогінде жеңіске жетті
Сурет: Оlympic.kz

Жеңіс - бізде!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогіне қатысып, елге жеңіспен оралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Зимбабвенің Ньянга қаласында өткен кубоктік бәсекеде Аян Elite санатында жеңімпаз атанды.

Ол спринтерлік қашықтықты 1:01:18 уақыт көрсеткішінде аяқтаған. 

Күміс және қола медальді Марокко елінің өкілдері Жавад Абделмолла мен Бадр Сиване еншіледі. 

Әйелдер арасында Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаған Ханна Ньюман жеңіске жеткен.