Алматыда аялдамалар кешені жабдықталады

Алматыда аялдамалар кешені жабдықталады
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласының әкімі Е.Досаевтың Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде ауданда өткен жылы 27 аялдама кешені жабдықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар, 322 бейнемониторинг жүйесінің камерасы орнатылған.

- Биыл 15 жаңа аялдама кешенін орнатамыз, ал 2023 жылдың І тоқсанының соңына дейін жаңа бейнемониторинг жүйесінің камерасы орнатылатын адрестердің тізімі дайындалады, - деді қала басшысы.