Австрияның оңтүстігінде өзендер арнасынан тасыды

Австрияның оңтүстігінде өзендер арнасынан тасыды
Сурет: Snob.ru

Жақында ғана алапат тасқынды бастан кешірген Еуропаның Австрия, Словения елдеріне қайта нөсерлі жауын жауды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның үстіне екпінді жел соғып тұр. Австрияның оңтүстігінде өзендер арнасынан тасып, алапат тасқын жүрді.

Кейбір елдімекендер сыртқы әлеммен байланысты үзген. Бірнеше тұрғын эвакуцияланды. Жолдар жабылып, темір жол қатынасында қиындықтар туындады.