Австралияда тікұшақ апатынан сарбаздар көз жұмды

Австралияда тікұшақ апатынан сарбаздар көз жұмды
Сурет: ашық дереккөз

 Австралияның солтүстік-шығысында тікұшақ апатынан кейін жоғалып кеткен 4 жауынгер қаза тапқан деп танылды. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Ричард Марлз мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жуырда осы тікұшақтың қирандылары табылған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы ұйымдастырылды. Алайда ол нәтиже берген жоқ. Әуе құралы Австралия мен АҚШ әскерінің бірлескен жаттығуы кезінде апатқа ұшырады.