Ауыз су қымбаттайды

Ауыз су қымбаттайды
Сурет: ашық дереккөз

Биыл су бағасы қымбаттайды.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі  Әлібек Куантыров мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Министрдің пікірінше, су қорын ұқыпты пайдаланбау және арзан баға салдарынан оны агрессив түрде қымбаттатуға болады. 

«Су тарифі өте арзан. Литріне – 4 тиын. Әрине, біз суды ұқыпты пайдаланбаймыз. Егер сіз қоғамдық моншаға барсаңыз, ағыл-тегіл аққан суды көресіз. Осының өзі біздің суды дұрыс пайдаланбайтынымызды айғақтайды. Ал су дегеніңіз – тіршілік көзі. Бүгін Су қоры министрі елімізде су тапшылығы орын алуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан суды үнемдеуге тиістіміз», – деді Ә.Қуантыров.

Сонымен, министр биыл су тарифі көтерілетінін жеткізді.

Ол өз сөзінде: «Иә, су қымбаттайды. Түбіртектеріңізге қараңыздар, көрсеткіш өте төмен 200-300 әрі кетсе 500 теңге. Сондықтан, су тапшылығы болмауы үшін бағаны агрессив түрде қымбаттатуға болады. Бұл қашан жүзеге асады? Өтінім түскен кезде», – деді ол.