Ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді

Ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді
Cурет: Ашық дереккөз

Төртінші раундт нокдаун, бесінші раундта нокаут

Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жерлесіміз бұған дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген доминикандық Алексис Гарсиямен олғап түйістірді. Супер ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундтқа есептелген, алайда Кособуцкий бірден өзінің басымдығын байқатты. Төртінші раундта отандасымыз қарсыласын нокдаунға жіберді, ал бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша  Жан Кособуцкий өзінің кәсіби бокстағы 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған WBC International Silver чемпиондық титулын иеленді. Ал, оның қарсыласы Алексис Гарсия кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты. 

Айта кетсек, Жан Кособуцкий бұған дейін IBO Inter-Continental және WBA International чемпиондық белбеулерін жеңіп алған болатын.
Бұған дейін тағы бір отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жеткенін хабарлағанбыз.