Ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданады

Ауылды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданады
Сурет: El.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің институционалдық жағынан қамтамасыз етілуін дамыту және тиімділігін арттыру, сондай-ақ ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2023 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Жарлықта.