Ауғанстанда 400 адам су тасқынынан қаза тапты

Ауғанстанда 400 адам су тасқынынан қаза тапты
Cурет: belta.by

Толассыз жауған жауыннан бірнеше провинцияда су тасқыны жүрді

Ауғанстанның Кабул, Нангархар, Хост, Пактика және басқа да провинцияларда 400 адам су тасқынынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Хост және Пактика провинцияларында жойқын жер сілкінісі болып, кем дегенде 1 000 адам қаза тапқан.
TOLOnews басылымы ресми дереккөздерге сілтеме жасап, толассыз жауған жауыннан Нангархар, Паджшер, Хост, Пактика және басқа да провинцияларда су тасқыны болғанын хабарлады.  

Ауғанстанның табиғи апаттардың салдарын жою министрлігінің мәліметінше су тасқынынан 400-дей адам қаза болған.
Бір тәулік бұрын елде 6,1 магнитудалы жер сілкінісінен Пактика провинциясының төрт ауданында бір мыңға жуық адам қаза тауып, 1 500 түрлі жарақат алған.