Auezov University-де академик Мұрат Жұрынов атындағы аудитория ашылды

Auezov University-де академик Мұрат Жұрынов атындағы аудитория ашылды
gov.kz

Сондай-ақ, мереке аясында университет түлегі, меценат Серікжан Сейітжанов атындағы аудиторияның ашылуы өтті. Университеттің ғылыми әлеуетін одан әрі нығайтуға жаңа серпін беретін 4 ғылыми зертхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынұлы Жұрынов атындағы аудиторияда шетелдік ғалымдар мен профессорлардың дәрістері, сабақтары, кездесулері өтеді. Мұрат Жұрынұлы Сізге Қазақстан ғылымына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Қазір сіздің жолыңызды жалғастыратын химиктер, ғалымдар ұрпағы өсіп келеді. Біздің университет ғылыми қызметті дамытуға үлкен күш салуда», - деп атап өтті Auezov University ректоры Дария Қожамжарова.

Сонымен қатар, жаңа зертханалар жастарды студенттік ғылымға ынталандыру және тарту үшін ашық. Зертханалар заманауи жабдықтармен, тиімді технологиялармен жабдықталған, оларда студенттерді жайлы оқыту үшін барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.

«Азық-түлік биотехнологиясы» зертханасы ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеуге және сақтауға арналған. Университет ғалымдарының айтуынша, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиялары өнімді әлемдік нарыққа экспорттау мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, зертханада өндіріс саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.

«Химиялық өндіріс процестері мен аппараттарын модельдеу» зертханасында ғалымдар бастапқы тұжырымдамадан соңғы өнімге дейін инновациялық, үнемді және экологиялық таза шешімдерді әзірлеумен айналысады.

«Auezov REILEAP leather center» негізгі мақсаты - докторанттар мен магистранттарға теріні өңдеу, былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киім материалдары саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беру. Зертханада халықаралық жобаларға ұсыныстар дайындалады, жоғары оқу орындарының білім алушылары мен былғары өнеркәсібінің қызметкерлері үшін арнайы оқу курстары өткізіледі.

«Ауыз суды дайындаудың тиімді технологияларын әзірлеу жөніндегі кешенде» тіршілік әрекетінің қажеттіліктерінің ғылыми-әдістемелік негіздері әзірленеді, жер асты суларын тазарту әдістері зерделенеді.

Айта кету керек, университет қабырғасында ағымдағы жылы 56 ғылыми жоба әзірленуде, сондай-ақ коммерцияландыру бойынша 4 жоба іске асырылуда.