Министрлік салыққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Министрлік салыққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды
almaty-akshamy.kz

ҚҚС үшін төлемдер енгізу туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады almaty-akshamy.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «ҚҚС төлемін» енгізгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұраймыз, – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ведомство өкілдері жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.