Ауданның 50 көшесін жарықтандыру жылдың соңына дейін аяқталады

Ауданның 50 көшесін жарықтандыру жылдың соңына дейін аяқталады
Сурет: Экспресс К

Әзірше 48 көшеде жұмыстар аяқталды.

Өткен жылдың соңында 511 көшеде сыртқы жарықтандыру желісін салу және қаланың 22 көшесінде модернизациялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның ішінде Бостандық ауданында 83 көшеде жарықтандыру желісін салу және 15 көшеде жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі күні ауданның 48 көшесінде жұмыстар аяқталды.

«Қалған 50 көшедегі жұмыстарды біз осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстар жүргізілгеннен кейін, көшені жарықпен қамтамасыз ету 95% құрайды. Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» шағынауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселені көтерді. Ұлттық Банк бұл объектіні қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көп деңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде.