Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беріледі

Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беріледі
Сурет: ашық дереккөз

Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Бұл - ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет. Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді. Сол себепті, барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек», - деп ұсыныс білдірді Президент.