Атырау мен Маңғыстаудағы төтенше жағдай Президенттің бақылауында

Атырау мен Маңғыстаудағы төтенше жағдай Президенттің бақылауында
Сурет: Inbusiness.kz

Осы жағдайға байланысты кінәлілер жауапқа тартылады, деді Президент.

 Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы төтенше жағдай Президенттің бақылауында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев апаттардан кейін Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр

Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады», - деп жазды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.

Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілген.