Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімге қайтып келді

Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімге қайтып келді
Сурет: Tengrinews.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрлігіндегілер мәлімдеді.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімге қайтып келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қоғам қайраткері, танымал спортшы Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы борышын өтеу орнынан қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.