Атылған аққұтан жайлы мән-жайды полиция анықтап жатыр

Атылған аққұтан жайлы мән-жайды полиция анықтап жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сайран көлінде қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілген.

Алматы полициясы  әлеуметтік желіде "Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді" деп тараған хабарламаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Алматы полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатқанын хабарлайды", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Жануарлар құқығын қорғаушы Наталья Сульжик Facebook желісінде Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтанның атылғанын хабарлаған.

Құс ветеринарлық емханаға жеткізілді. Алайда, жануарлар құқығын қорғаушы мен ветеринарлар қанша тырысқанымен, құс тірі қалмады.