Атаулы әлеуметтік көмек қанша адамға берілді?

Атаулы әлеуметтік көмек қанша адамға берілді?
Сурет: Egemen.kz

АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

1 сәуірдегі жағдай  бойынша 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді. 

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

2023  жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.