"Атакент "аумағын жаңғырту жобасы жасалып жатыр

"Атакент "аумағын жаңғырту жобасы жасалып жатыр
Сурет: Total.kz

Қала тұрғыны бұл аумақтың қараусыз жатқанын айтты.

Бұл мәселеге бүгін Бостандық ауданының тұрғындарымен кездескен қала басшысы Ерболат Досаев тоқталып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аудан тұрғынының сұрағы:

«Атакент» аумағы қараусыз қалған, тоғандар көбіктеніп кеткен. Айналадағы жасыл желектер қурап барады. Көгалдандыру жағдайына түсініктеме берсеңіз».

"Атакент" мәселесі бойынша белгілі бір уақыт иесіз қалған жерлерімізді коммуналдық меншікке қабылдадық. "Атакенттің" өзін қалпына келтіруге, қосымша абаттандыруға жеке жоба дайындалуда. Келесі жылдан бастап біз бұл аумақты жаңғырту мен қайта құруды бастаймыз", - деді Алматының әкімі.