Алма-Арасан шатқалына апаратын жолды жөндеу келесі жылға жоспарланды

Алма-Арасан шатқалына апаратын жолды жөндеу келесі жылға жоспарланды
Сурет: Inform.kz

Биыл жобасы дайындалып жатыр.

Келесі жылы құрылысты қаржыландыруға өтінім береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz                                            

Әкіммен кездесуге келген Бостандық ауданының тұрғынының сұрағы:

«Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны – Алма-Арасан шатқалы. Экопост үстіндегі жол өте нашар жағдайда. Жыл сайын тек шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу қашан болатынын айта аласыз ба?»

«Өкінішке қарай, бұл қала жолы емес. Бұл жол «Қазавтожолдың» балансында. Биыл жоба дайындап жатыр, келесі жылы құрылысты қаржыландыруға өтінім береді. Мен өзім жақында осы бағытта жүріп, бұл жолдың сапасын көрдім. Олар оны биыл алады деп үміттенемін. Сондай-ақ біз үшін туризм мен халық демалысын дамыту маңызды. Оларға қолдау көрсету үшін осы мәселеге өз үлесімді қосуға тырысамын», - деді оған қала әкімі Ерболат Досаев.